




















16-18 қыркүйек аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында футболдан Басқарма Төрағасы – Ректор кубогі үшін жарыс өтті.
Жарысқа университеттің бес факультеті мен Жансүгіров колледжінен барлығы 108 студент қатысып, өзара бақ сынады.
Дәстүрлі жарыстың мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын және футбол ойынын насихаттау; студенттердің жекелей спорттық шеберліктерін арттыру; факультеттер арасындағы спорттық-жолдастық қарым-қатынасты нығайту және үздік ойыншыларды іріктеу болды.
Жарыс қортындысы бойынша І орынды Құқық және экономика факультеті, ІІ орынды Жаратылыстану-техникалық факультеті, ІІІ орынды Физика-математика факультеті иеленді.
Жүлделі орынға ие болған командалар Басқарма Төрағасы – Ректордың кубогімен және арнайы грамоталармен марапатталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

