Жетісу облысының мемлекеттік архивінде дәстүрлі «Ашық есік күні» өтті!

Жетісу облысының мемлекеттік архивінде дәстүрлі «Ашық есік күні» өтті! Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы шешімдері мен тұжырымдамасына сәйкес, жыл сайын 21 қыркүйекте сағат 9:00-де өткізілетін «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл маңызды шараға Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Назым Бизолдақызы Қасымова шақырылып, «Тарих және қоғамтану» мамандығының 2-курс студенттерімен бірге қатысып қайтты.