


Жетісу университетінің студенттері Guinness World Records рекордын орнатуға атсалысты
23 қыркүйекте Астанада өткен HackAlem AI хакатонына 2 415 адам қатысып, Қазақстан ЖИ-хакатонға қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты.
Хакатонға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен ZhetysuTech және Ontogyz Team атты екі студенттік команда қатысты.
Командаларға оқытушы Серіков Бағдат Берікұлы жетекшілік етті.
Хакатон жеңімпаздары 29 қыркүйекте өтетін Demo Day аясында жарияланады.
#ТДМ #SDG #ЦУР

