Құттықтаймыз!

2026 жылғы 24 қыркүйекте Алматы қаласында ерлер мен әйелдер арасында шосседе жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Жаңабек Есенбол 10 шақырым қашықтықта І орын иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Жеңімпазымызды толағай табысымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!