Ғылыми семинар

Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім беру жөнінде ғылыми семинар өтті.

Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – конкурс талаптары туралы ақпарат беру, өтінім әзірлеу тәртібін түсіндіру және жобаларды іске асыру барысында ескерілетін маңызды мәселелермен таныстыру.

Семинарды Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Л. Қарашолақова жүргізді. Жиын барысында конкурсқа қатысу шарттары, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізімі, өтінімді әзірлеу және рәсімдеу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар өтінімдердің қабылданбауының негізгі себептері, ғылыми жарияланымдар мен жобаның күтілетін нәтижелеріне қойылатын талаптар айтылды.

Қатысушыларға күнтізбелік жоспарды дұрыс құрастыру, зерттеу міндеттерін нақты айқындау, сұралатын қаржыландыруды негіздеу бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

#SDG #ЦУР #ТДМ