І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Дүйсен Сандыбайұлы Аңсабаевқа «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Бұл құрмет – ғалым-ұстаздың білім мен ғылымға, әдебиет пен мәдениетке, қоғамдық өмірге қосқан елеулі еңбегіне берілген жоғары баға.
Дүйсен Аңсабаев – 90-ға жуық ғылыми-әдістемелік мақаланың, бірқатар оқу және әдістемелік құралдардың авторы.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы Дүйсен Сандыбайұлын «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атануымен шын жүректен құттықтайды!
Ұлағатты оқытушы, көрнекті ғалым Дүйсен Сандыбайұлының мерейі – университетіміздің де мерейі. Ұстаз еңбегі ұлықталып, шығармашылық жолы кейінгі ұрпаққа өнеге бола берсін!
#SDG #ЦУР #ТДМ

