«Кітап оқитын ұлт»: Студенттер Шоқан мұрасымен танысты

2026 жылдың 2 қазанында Физика-математика факультетінің «Информатика» мамандығының студенттері «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында танымдық сапарға шықты.
Жоба аясында ұсынылған 15 көркем туындының ішінен студенттер қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романын оқып, ғұлама ғалым, саяхатшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытқан болатын.

Жастардың тарихи-мәдени танымын кеңейту мақсатында Физика-математика факультетінің деканы И. Есенғабыловтың
бастамасымен арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Сапар барысында студенттер Шоқан ауылында орналасқан «Шоқан Уәлихановтың мемориалды мұражайына» барып, ғалымның тұтынған заттарымен, қолжазбаларымен және сирек кездесетін экспонаттармен танысты.

«Аққан жұлдыз» романында сипатталған оқиғалар мен тарихи деректер музей жәдігерлерін көрген студенттерге ерекше әсер қалдырды.
Экскурсия одан әрі Сарыөзек ауылындағы Кербұлақ аудандық кітапханасында жалғасты.

Танымдық сапар студенттердің көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, ел тарихына білуге, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосты.

#SDG #ЦУР #ТДМ