Жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2026–2027 оқу жылындағы Жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Отырысты Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөніндегі проректор А.С. Бахтаулова ашып, жас ғалымдардың университет ғылымын дамытудағы рөлі мен жаңа ғылыми бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы – Гуманитарлық факультет деканы Желдибаева Р.С. және кеңес мүшелері таныстырылып, 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жас зерттеушілердің ғылыми белсенділігін арттыруға бағытталған жаңа ұсыныстар мен бастамалар ортаға салынды.

Сондай-ақ пәнаралық ғылыми жобаларды дамыту және олардың болашағы, әртүрлі ғылыми бағыттағы жас ғалымдардың бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері талқыланды. Нетворкингті дамыту, ғылыми байланыстар орнату, тәжірибе алмасу және жас ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алғашқы отырыс жаңа идеялар мен бірлескен жобаларға бастау болып, Жас ғалымдар кеңесінің алдағы жұмысының негізгі бағыттарын айқындады.

Жас ғылымға – жаңа серпін, жаңа идеяларға – жаңа мүмкіндік!

#SDG #ЦУР #ТДМ