Құттықтаймыз!

2026 жылғы 7–8 қазанда Талдықорған қаласында жеңіл атлетикалық кросстан барлық жас санаттары бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Республикалық жарысқа еліміздің 16 облысынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Жетісу облысының құрамасы жалпы командалық есепте І орын иеленді.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Ерлер мен әйелдер арасындағы жеке жарыстарда:

  • Жаңабек Есенбол – 12 шақырым қашықтықта ІІ орын;
  • Күнболатқызы Жансая – 6 шақырым қашықтықта ІІІ орын.
    Ерлер мен әйелдер арасындағы аралас эстафетада (4×2 шақырым):
  • Жаңабек Есенбол – ІІ орын.
    23 жасқа дейінгі жастар арасындағы аралас эстафетада (4×2 шақырым):
  • Құдайберген Сания – І орын;
  • Орманғали Мадияр – І орын.
    20 жасқа дейінгі юниорлар арасындағы аралас эстафетада (4×2 шақырым):
  • Рауан Әлібек – І орын;
  • Тумарбекова Дагара – І орын;
  • Күнболатқызы Жансая – І орын.
    18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы аралас эстафетада (4×1 шақырым):
  • Нуаразбек Арайлым – ІІ орын.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Аталмыш чемпионат ұйымдастырушысы әрі бас төрешісі – Жетісу облысы жеңіл атлетика федерациясының президенті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің түлегі — Сепбосынов Еркен Маратұлы.
    Спортшыларымыздың республикалық жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, облыс намысын абыроймен қорғауы – университетіміз үшін зор мақтаныш.

#SDG #ЦУР #ТДМ