СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Физика-математика факультетінің 6B01512 – Физика (IP) білім беру бағдарламасының 2-курс ФП-211 тобының білімгері Сарқытбек Амина сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2026–2027 оқу жылының I жартыжылдығында Түрік Республикасындағы Niğde Ömer Halisdemir University жоғары оқу орнында білім алуда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білімгерге шетелдік озық университеттердің оқыту үдерісімен танысуға, болашақ маман ретінде кәсіби құзыреттіліктерін шыңдауға және халықаралық тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндік береді.

#SDG #ТДМ #ЦУР