«ЖАС ҒАЛЫМ» жоба бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2027 жылға арналған (іске асыру мерзімі 36 ай) «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурсты жариялады. Байқау конкурстық құжаттамаға сәйкес:
– Климаттық орнықтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар, АӨК-нің тұрақты дамуы;
– Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік;
– Денсаулық, адами даму және өмір сүру сапасы;
– Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және аумақтар мен өмірлік маңызды инфрақұрылымның орнықтылығы;
– Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует ғылыми бағыттар бойынша өтеді.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 12 қазанда басталады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 10 қараша (қоса алғанда).

Толық ақпаратпен және конкурстық құжаттамамен is.ncste.kz сайтында танысуға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесіне хабарласуыңызды сұраймыз.

#SDG #ЦУР #ТДМ