

Физика-математика факультетінде «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында белгілі ғалым, жазушы, аудармашы, әдебиет пен тарих зерттеушісі, Мадрид университетінің профессоры, бірнеше кітаптың авторы Самат Өтениязовпен кездесу өтті.
Кездесу барысында профессор студенттер мен оқытушыларға тарихи танымды арттыратын мазмұнды әрі терең дәріс оқыды. Еркін форматта өткен жүздесуде студенттер өзекті тақырыптар төңірегінде сұрақтар қойып, салмақты да тұщымды жауап алды.
Кездесу соңында ғалым университеттің кітапхана қорына өзінің «Әбілқайыр хан» және «Ш. Уәлиханов және оның ғылыми мұрасы» атты құнды еңбектерін сыйға тартты.
Самат Көшенұлы Аттиланың әлем әдебиетіндегі орнын, Шоқантану бағытын, Қазақ мемлекеттілігінің тарихы мен Билер институтын терең зерттеп жүрген ғалым.
#SDG #ЦУР #ТДМ

