2026 жылдың 19 қазанында Гуманитарлық факультеті, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Ж.У. Калелова 1-курс студенттерімен «XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы жан-жақты қарастырылып, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен саяси байланыстар талқыланды.

Ашық сабақта интерактивті оқыту әдістері қолданылып, студенттер тарихи деректермен жұмыс істеді, тақырыпқа қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап берді. Топтық тапсырмалар мен пікірталас барысында білім алушылардың тарихи оқиғаларды салыстыру, талдау және қорытынды жасау дағдылары қалыптастырылды.
Сабақ мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыруға және тарихи танымын кеңейтуге ықпал етті.




