Жетісу университетінде дәстүрлі спартакиада ашылды

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында дәстүрлі спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Спартакиаданың басты мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру, факультеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және Ұлттық студенттік лига жарыстарына үздік спортшыларды іріктеу.

Салтанатты рәсімде Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Ермек Бөрібаев барлық қатысушыларға жеңіс пен сәттілік, әділ бәсеке тіледі.
«Спартакиада – студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, бірлік пен командалық рухты қалыптастыратын маңызды спорттық шара», — деп атап өтті ректор.

Биылғы спорттық дода спорттың жеті түрі бойынша ұйымдастырылып, оған университет факультеттері мен Жансүгіров колледжінің студенттері қатысты.

#ЦУР #SDG #ТДМ