Спартакиада жеңімпаздары анықталды!

13–16 қазан аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында өткен дәстүрлі спартакиада жарыстары өз мәресіне жетті.

Спартакиада спорттың жеті түрі бойынша ұйымдастырылды: 4×100 метрлік эстафеталық жүгіру, тоғызқұмалақ, 18 келілік гір көтеру, 50 метрге жүзу, волейбол, үстел теннисі және арқан тарту.

Жарысқа барлығы 230 студент қатысып, өздерінің ептілігін, күш-қуатын, төзімділігі мен командалық бірлігін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша командалар төмендегідей орындарға ие болды:
І орын – Жансүгіров колледжі (285 балл);
ІІ орын – Гуманитарлық факультет (280 балл);
ІІІ орын – Жаратылыстану-техникалық факультеті (275 балл).

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Басқарма Төрағасы – Ректордың кубогімен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

#ТДМ #SDG #ЦУР