





22 қазанда Жетісу университетінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы: идеядан жеңіске дейінгі жол» атты семинар өтті. Семинарға жобаға үміткерлер мен 2–3 курс докторанттары қатысты.
Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөніндегі проректор А. Бахтаулова биылғы конкурстың ерекшеліктерімен бөлісті.
Жоба жеңімпаздары, PhD Райгүль Желдибаева мен PhD Әйгерім Абдулаева, өтінім дайындау тәжірибесімен бөлісті. Ғылым және коммерциаландыру департаментінің қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

