Ел рухын асқақтатқан Республика күні

2026 жылғы 23 қазанда ҚТӘ-311 тобында 25 қазан – Республика күніне орай кураторлық сағат өткізілді. Топ эдвайзері іс-шара барысында «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» тарихи маңызы туралы бейнебаян негізінде кураторлық сағаттың мақсаты мен өту форматын түсіндірді. Топ 2 фракцияға бөлініп, тақырып аясында пікірталас ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттер Қазақстанның егемендікке жету жолы, ұлттық құндылықтар, ел бірлігі мен жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігі туралы өз ойларын ортаға салып, бір-біріне мерекелік құттықтауларын айтты.