Бір кеш. Бір романс. Мың сағыныш.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен ҚТӘ-211, ҚТӘ-212 топ студенттерінің қатысуымен әдеби кафе форматындағы ерекше «Күз-романс» атты әдеби кеш өтті!
Махаббат пен сағынышқа, сырлы сезім мен әсем әуенге толы бұл кеш әдебиет пен өнер тоғысқан ерекше әлем болды. Абай мен Тоғжанның мөлдір махаббаты көрініс тауып, жүрекке жеткен жырлар мен әсерлі қойылымдар көрермен көңілінен орын алды.
Әрбір өлең – жүректің үні, әрбір көрініс — сезімнің шежіресі, ал әрбір сәт — есте қалар естелік. Кеш барысында көрермендер поэзияның құдіретін сезініп, махаббаттың мәңгілік тақырыбына тағы бір мәрте терең бойлады.
https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2026/10/Әдеби-кафе-2.mov

