Республика күні

22 қазанда №125 аудиторияда Айжан Сахановна ҚТӘ-412 тобына Республика күнін мерекелеуге арналған кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында мерекенің тарихы мен маңыздылығына арналған қызықты әрі танымдық материалдар ұсынылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, қызығушылық танытып, өз пікірлерін білдірді. Кураторлық сағат ұйымдасқан, мазмұнды түрде және достық атмосферада өтті.