2026 жылғы 31 қазанда Астана қаласында «Жаңа қазақстандық патриотизм» жобасы аясында «Үздік студент» республикалық байқауының марапаттау кеші өтті. Аталған байқауда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультет 6В02302 – Филология білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушысы Батырбекқызы Диана жоғары нәтижеге қол жеткізіп, диплом, куәлік және «Үздік студент» төсбелгісімен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Есимбекова Динара Болатқызына алғыс хат берілді.
Жетісу университеті Диананы лайықты марапатымен құттықтап, алдағы оқу және ғылыми-шығармашылық қызметіне толағай табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейді.

