Әдістемелік практикум

Жетісу университетінде жоғары оқу орны түлектеріне арналған «Тиімді сабақ: жоспарлаудан нәтижеге дейін» тақырыбында әдістемелік практикум өтті.

Шараның мақсаты – педагогикалық практикадан өтетін 3–4 курс білімгерлерінің кәсіби-әдістемелік құзыреттілігін арттыру, сабақты тиімді жоспарлау, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдау және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау дағдыларын жетілдіру.

Іс-шара барысында облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Ә.Әуезова практикумның мақсаты мен бағдарламасын таныстырып, мұғалімнің практикалық қызметінде басшылыққа алынатын нормативтік құжаттарға тоқталды.

К. Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Ә. Түктібаева «Тиімді сабақтың құрылымы: оқу мақсатынан күтілетін нәтижеге дейін» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Ә. Торпакова саралап оқытудың маңызын түсіндіріп, «Дифференциация – внимание каждому ученику» тақырыбында тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен қатар облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Г.Құдайбергенова электрондық журналды дұрыс толтыру тәртібін түсіндірді.

Практикумның тәжірибелік бөлімінде білімгерлер «Тиімді сабақ жобасы» тапсырмасын орындап, сабақ жоспарын құру, оқу мақсаттарын анықтау, белсенді әдістерді таңдау және бағалау тәсілдерін қолдану бойынша өз идеяларын ұсынды.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, болашақ педагогтерге әдістемелік ұсыныстар берді.

#ТДМ #SDG #ЦУР