Год: 2026

«Өнертабысқа өтінім беру, құқықтық қорғау және патенттік іздеу» семинары

2026 жылғы 17 ақпан күні, сағат 15:00-де Ғылым және коммерцияландыру департаменті Ұлттық зияткерлік меншік институтының өкілдерінің қатысуымен «Өнертабысқа өтінім беру, құқықтық қорғау және патенттік іздеу» тақырыбында семинар ұйымдастырады. Семинардың өтетін орны: Бас оқу ғимараты, 313 конференц-залы. Модератор:🔹Шалабаева Ұлдана — Технологиялар мен инновацияларлы қолдау орталығы, патенттік зерттеулер және үйлестіру бөлімінің басшысы — Технологиялар мен инновацияларлы қолдау …

«Өнертабысқа өтінім беру, құқықтық қорғау және патенттік іздеу» семинары Read More »

«STARTUP ZHETYSU — 2026»

2026 жылғы 16 ақпанда физика-математика факультетінде «STARTUP ZHETYSU — 2026» инновациялық идеялар мен жобалар конкурсының факультетішілік кезеңі ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту және перспективалы жобаларды қолдау. Конкурс жұмысына комиссия құрамында Ибраимов А.С., Ахметов Ж.У., Абдулаева А.Б., Ахмет Қ. қатысты. Іріктеу кезеңінде барлығы 19 жоба қарастырылып, …

«STARTUP ZHETYSU — 2026» Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 08–14 ақпан аралығында Қарағанды қаласында самбодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатта І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Анель Қайратқызы өнер көрсетіп І орын жеңіп алды. Анельді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз! #SDG #ЦУР #ТДМ

 «Zhansugurov College» студенттерімен маңызды кездесу өтті

«Zhansugurov College» студенттерімен маңызды кездесу өтті. Іс-шараға Талдықорған қаласының ювеналды полиция лейтенанты А.Ж. Утегулов, Талдықорған ҚПБ ҚҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Айнур Тлеухановна Кагазбекова, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының заңгері Айдарбек Билибекович Намазбаев және орталық психологі Индира Ибраимова қатысты.Кездесу барысында студенттерге кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу …

 «Zhansugurov College» студенттерімен маңызды кездесу өтті Read More »

 Кәсіптік бағдар 

“Zhansugurov College”-нің Құқық мамандығына оқитын студенттерге Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Бейлқызы МадинаҚазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Кадирберлина Гульзар Асетовна кәсіптік бағдар берді.

«Қыз тәрбиесі – адам тағдырын шешетін ұлы іс»

Жансүгіров колледжінде жастар арасында өзекті мәселелердің бірі — ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.Кездесу барысында мамандар жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы, жауапкершілік, өмірлік жоспар құру және дұрыс шешім қабылдау мәселелері бойынша пайдалы мәліметтермен бөлісті.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қысқы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан спортшыларымызға зор қолдау білдіреді!Ел намысын қорғап жатқан барша спортшыларға сәттілік, жоғары нәтижелер мен жеңіс тілейміз!Жігерлеріңіз мұқалмасын, көк Туымыз биікте желбірей берсін!

WorkShop

https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2026/02/WhatsApp-Video-2026-02-13-at-21.20.52.mp4 13 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Тумабаева Мадина Болатқызы «Қазақ әдебиетін оқытудың мәдени және ұлттық-танымдық аспектілері» тақырыбында WORKSHOP өткізді. Мақсаты – қазақ әдебиетін оқыту үдерісін тек көркем мәтінді меңгерту деңгейінде қалдырмай, оны ұлттық мәдени кодты, рухани құндылықтарды, дүниетанымдық жүйені қалыптастыратын кешенді педагогикалық кеңістік ретінде қарастыру.Гуманитарлық факультеттің оқытушылары мен студенттері қатысып, …

WorkShop Read More »

Спорттағы ынтымақтастық

2026 жылдың 12-13 ақпан аралығында Алматы технологиялық университетінің ұйымдастыруымен ЖОО арасында спорттық турнир өтуде. Аталған жарыста Жетісу университетінің студенттері волейбол (ұлдар құрама командасы), футзал (қыздар құрама командасы), шахмат және тоғызқұмалақ түрлері бойынша бақ сынады. Турнирдің мақсаты: студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол және футзал спортын дамыту, ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынас орнату. Жалпы командалық …

Спорттағы ынтымақтастық Read More »

Жетісу облысының жетекші орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен РЯЛ кафедрасының «Орта мектепте орыс тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері» атты дөңгелек үстелі

Жұмысқа өңір мектептерінің оқытушы-зерттеушілері қатысты: О. Богословская (Көксу ауданының № 5 ОМ), Е. Филимонова (Талдықорған қаласы, № 12 ОМ), Н. Ким (Көксу ауданы Алдабергенов атындағы ОМ), Н. Максименко (Абай атындағы ОМ, Сарқан қаласы), С. Денисов (Талдықорған қаласы, № 1 ОМ), А. Жұмағұлова (Көксу ауданы, № 2 ОМ), А. Жантлеуова (Талдықорған қаласы, № 24 МЛ), А. …

Жетісу облысының жетекші орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен РЯЛ кафедрасының «Орта мектепте орыс тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері» атты дөңгелек үстелі Read More »