Білім беру бағдарламасы
6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
БББ мақсаты Білім беру саласына қажетті құзыреттіліктерді қалыптастырған ҚР еңбек нарығының талаптарына лайықты; өзгермелі әлемде игерген терең білімі, кәсіби дағдысы негізінде жеңіл бейімделе алатын, эмоционалды интеллекті деңгейі жоғары, қазақ филологиясын дамытуда жетекші рөл атқаруға дайын, жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес қазақ  тілі мен әдебиетін оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін меңгерген жоғары білікті кадрлар даярлау
БББ түріҚолданыстағы БББ
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
БББ айрықша ерекшеліктеріБірлескен БББ
Берілетін академиялық дәреже  Шетелдік ЖОО
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліҚазақ
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті
2орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-әдістемелік үдерісті білім алушылардың даму үдерісінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып,  жоспарлап, болжай және басқара алады
3қазіргі қазақ тілінің фонетикалық, лексикологиялық, морфологиялық, синтаксис, стилистика салаларынан, тіл білімінің жаңа бағыттары, жазу теориясы мен тәжірибесінен толыққанды білім мазмұнын игерген және кәсіби іс-әрекетінде тиімді қолданып, нәтиже шығаруға қабілетті, тілді ұлттық мәдениетті таныту формасы, тіл мен халық тарихының өзара байланысы ретінде игерген
4әдебиет теориясы, поэтикасы, негізгі кезеңдері мен өкілдері, ағымдары мен жаңа бағыттары, әдебиеттанушылар жайлы ғылыми білімді игерген, филологиялық білім саласының  негізгі бөлімдеріндегі іргелі теориялар мен заңдылықтарды интерпретациялайды, қазақ тілі мен әдебиеттің зерттеу мәселелерін анықтау мен шешуде алған теориялық және практикалық білімін нәтижелі қолдануға қабілетті
5білім беру мекемелеріндегі  әдістемелік, ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарды іске асыруға икемді, бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дəстүрді білу, дау-жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін қабылдай алу жəне қолдана білуге қабілетті
6–  жоғары эмоционалды интеллекті, шешендік өнер мен сөйлеу әдебін көрсетеді, жоғары әлеуметтік құндылықтар мен ізгілікті педагогикалық құндылықтарын ұстанады, қазақ тілі мен әдебиетін меңгертуде тәрбие үдерісін ұлттық құндылықтар негізінде ұйымдастырады, әлеуметтік, мәдени, білім беру салаларында сараптамалық, консалтингтік, аналитикалық қызмет көрсете алады
7қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу материалын топтастырады, өз бетімен дидактикалық материалдарды дайындап, оның тиімділігін тәжірибеде дәлелдей алады, оқу үдерісінде техникалық құралдарды пайдалануды сәйкестендіреді; білім беру сапасын арттыруға ықпал ете отырып педагогикалық мәселелерді шеше алады, кәсіби қызметінің нәтижесін бағалайды және рефлексия жасайды
8педагогикалық қызметті басқаруға, жоспарлауға, болжауға икемді, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды педагогиканың теориялық-әдістемелік, дидактикалық, этнопедагогикалық  негіздеріне сүйене отырып ұйымдастырады, пән бойынша базалық – нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеп, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, түрлендіру дағдылары қалыптасқан; өз бетімен білім алу және өзін-өзі тану қабілеттеріне ие
9оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемдік құралдарының әдіснамалық жүйесін жинақтайды, оқыту әдістемесі ғылымының әлемдік тәжірибесін, оқыту саласындағы теориялық бағыттар мен мектептер,  теориялық,  әдіснамалық  ортақтастық мәселелері, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының даму, қалыптасу жүйесіне тән кезеңдік тәжірибелерді  (жаңартылған білім беру мазмұны) тұжырымдайды
10филологиялық зерттеу әдіснамасы мен әдістерін меңгеріп, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ғылыми жұмысты негіздейді, ұйымдастырады, бағалайды, ғылыми жұмыс нәтижесін апробациялайды және қорытындылауға қабілетті
11әдебиет теориясы мен сыны, қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдер, бағыттар, мектептер, оның өкілдері, зерттеушілер туралы мәліметті ғылыми тұрғыда бағалайды, жаңа тұжырымдарды негіздейді және әдебиеттің ой-сананы оятудағы рөлін саралай алады