Білім беру бағдарламасы
6В04105 Ақпараттық ресурстарды басқару
БББ мақсаты экономика және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен технологиялар құралдарын әзірлеу және іске асыру саласында жоғары білім мен кәсіби құзыреттілікті меңгерген білікті маманды сапалы даярлау.
БББ түріИнновациялық БББ
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ
Берілетін академиялық дәреже  Бакалавр
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліҚазақ, орыс
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартАқпараттық ресурстарды құру және басқару
                             Оқытудың нәтижесі
1әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі контекстінде көптілді ортада тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас кезінде белсенді азаматтық ұстаным танытады;
2құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен үдерістердегі инновациялық тәсілдерді ұғынуға қабілетті;
3басқару объектісінде ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді дамыту және басқару объектісінде ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді дамыту жоспарын жасайды және қойылған міндеттерді өзгермелі жағдайларда шешуге қабілетті;
4ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану мониторингін жүргізеді және ұйымдардың бизнес-қызметінде ақпараттық жүйелерді құру және енгізу жобаларын басқару әдістері мен технологияларын қолданады;
5теорияны зерттейді, моделдерді дайындайды және ақпараттық жүйелердің пәндік саласындағы пәндер әдістерін анықтайды, атап айтқанда: экономика, қаржы, менеджмент және басқа да ұйымдарда бизнес қызметтің құрамдастары;
6стандарттарды құрылымдайды, Ақпараттық жүйелер мен желілерді жобалаудың, әзірлеудің, енгізудің және сүйемелдеудің математикалық модельдерін, әдістерін, тәсілдері мен технологиясын жоспарлайды;
7тұлғааралық қарым-қатынас технологиясын қолданады және топтағы жұмыстарды ұйымдастырады, топтық әзірлеудегі жұмысты басқарады;
8кәсіпорынның (ұйымның) ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудағы менеджердің рөлін бағалайды және менеджмент саласындағы кәсібилікті негіздейді;
9әзірленетін ақпараттық жүйеге техникалық құжаттаманы жасайды және тексереді, проблемаларды түсіну және айқындау үшін жүйелік тұжырымдамаларды талдайды;
10заңнамалық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды және қазіргі жағдайда ҚР-да Бизнесті ұйымдастыру принциптерін қалыптастыра алады;
11кәсіпорынды басқарудың және ұйымдастырудың тиімді нысандарын олардың ерекшеліктері мен нақты қызмет жағдайларын ескере отырып бейімдеу;
12нақты салаларда ақпараттық жүйелер мен олардың элементтерінің жобаларын және ақпараттық жүйелерді жобалаудың заманауи модельдерін, әдістері мен технологияларын жасайды.