Білім беру бағдарламасы6B01506 Химия
БББ мақсаты 6В01506 – «Химия» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау, химия саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін базалық теориялық және практикалық білімді қолдана алатын, бейорганикалық және органикалық синтез бойынша терең білімді, жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша химияны оқытудың негізгі заманауи әдістерін меңгеру, тұлғалық және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру, білім беру саласындағы жоғары білімі бар мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауды қамтамасыз ету.
БББ түріәрекет етуші
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
Берілетін академиялық дәреже  «6B01506 Химия» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1Химиялық білім негіздерін, атомдық-молекулалық оқудың негізгі принциптерін, Бейорганикалық заттардың жіктелуін меңгерген, химияның негізгі терминдері мен стехиометриялық заңдарын талдайды.
2Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінде химиялық элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін ажыратуға қажетті іскерліктер мен дағдыларды меңгерген; аниондар мен катиондардың жіктелуін, физикалық және аспаптық талдау әдістерін біледі.
3Органикалық қосылыстардың химиялық құрылысының теориясын және жіктелуін, органикалық реакциялардың механизмдерін біледі; функционалдық туынды көмірсутектердің негізгі кластары, олардың құрылысы, химиялық қасиеттері, оларды синтездеу дағдыларын меңгерген
4Химиялық кинетика және катализ негіздерін, химиялық реакциялар, электрохимия механизмдерінің негіздерін біледі. Дисперсті жүйелермен жұмыс істеудің практикалық дағдылары мен машықтарын, оларды алу және дисперсті жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдістерін меңгерген. Жылу әсерлерін есептеу дағдысын, химиялық реакциялардың тепе-теңдік константасын меңгерген.
5Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі контекстінде көптілді ортада тұлғааралық және мәдениетаралық коммуникация кезінде белсенді азаматтық ұстанымды білдіреді
6Орта және инклюзивті білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде оқу-тәрбие процесін болжау, жоспарлау және басқару әдістерін қолданады   
7Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді ұғынуға инновациялық тәсілдерді бағалау және қолдану қабілетіне ие
8Химиялық-технологиялық процестердің негізгі бағыттары мен заңдылықтарын біледі, қарапайым технологиялық процестерді жүргізуге арналған аппаратураны меңгере алады, жоғары молекулалық қосылыстар саласында теориялық және практикалық білімдерді игереді, полимерлер синтезінің принциптері, олардың құрылымы, физикалық-механикалық қасиеттері және оларды қолдану салалары туралы жалпы түсініктерін біледі
9Оқу үрдісінде критериалды бағалаудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдануға, оларды білім беру мекемелерінде қолдану үдерісінің нәтижелерін талдауға қабілетті
10Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимылдың ғылыми міндеттерін шешу үшін қазақ/орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға қабілетті.
11Экотоксиканттардың негізгі кластарын, олардың қоршаған ортада таралуын, тірі ағзаға әсерін біледі, алдын алу шараларын ұйымдастыруды біледі. Биохимияның заманауи әдістерін, организмдердің химиялық құрамын, ақуыздардың құрылымын, ферменттердің құрылысы мен функцияларын зерттейді. Нуклеин қышқылдарының құрамын, құрылымын және биологиялық маңызын, генетикалық аппаратты енгізу механизмдерін, репликация, транскрипция мен трансляцияны біледі.
12Химия мамандығы бойынша теориялық және практикалық білім саласында маман бола алады; орта мектеп мұғалімі.