Білім беру бағдарламасы6B03202 Қоғаммен байланыс
БББ мақсаты  Білім беру бағдарламасының мақсаты – қоғаммен байланыстың әртүрлі саласында қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие, сапалы PR контентін жасай алатын, ақпаратты жинау, өңдеу және берудің конвергентті технологияларымен жұмыс істеу дағдысы бар бәсекеге қабілеті  қоғаммен байланыс (PR) мамандарын даярлау.
БББ түріЖаңа БББ
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ
Берілетін академиялық дәреже  Бакалавр
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліОрыс, қазақ  
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартГазет шығару. Журналдар мен мерзімді жарияланымдар шығару; телевизиялық бағдарламалар жасау және трансляциялау жөніндегі қызмет; бұқаралық ақпарат құралдарында жаңалықтарды өңдеу жөніндегі қызмет
                             Оқытудың нәтижесі
1Әлеуметтану, мәдениеттану және психологияның негізгі білімін ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларға баға беру, өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойы жеке білім траекториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстану.
2Aқпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану, интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және мобильді сервистерде жұмыс жасай алу, желідегі PR және SMM тетіктерін меңгеру, тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіптік) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда байланыс орнату.
3Қоғаммен байланыс негіздерін меңгере отырып, жарнама жасау мен қоғамға ықпал ету тәсілдерін меңгеру, коммуникация мен байланысқа түсудің теориялық негіздерін, әдістерін, масс-медиа мен бейнелердің дизайндік ерекшеліктерін заманауи тұрғыда меңгеріп, міндеттерді орындауға БАҚ арқылы шығудың әдіс-тәсілдерінің жүйесін меңгеру, медиасауат негізін білу, PR жанрларын талдай алу.
4Қоғаммен байланыс жасаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, жарнама жасаудың кәсіби құзыреттілікті тетіктерін анықтау, басқару мен ұйымдастырушылық  шеберліктер арқылы жұмыс рейтингін арттыруға ықпал ету, ұйымдар мен мекемелердің дағдарысын болдырмаудың тетіктерін үйрену, медиа дизайн негіздерін білу.
5Атқарылған жұмыстардың есептерін жариялаудың жолдарын ауызша айту мен жазбаша жазудың мәдениеті мен әдістерін білу, баспасөзде жариялау үшін іскерлік немесе басқа ұйымдар туралы жарнамалық материалдарды таңдап радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуды білу.
6Инновациялық-белсенді азаматтық ұстанымын білдіру, БАҚ-та қоғамдық маңызы бар құбылыстар мен процестерді түсіну тәсілдерін бағалау және сипаттау, жаңалықтар мен басқа да құжаттардың дұрыстығы мен ашықтығын тексеру, ақпарттар мен деректер дұрыстығын тексеру әдістерін меңгеру, жобаның бизнес жоспарын құра алу.
7Кәсіби қызметтегі сандық мәдениет пен құқықтық мәдениеттің негіздерін біле отырып, қазіргі ақпараттардағы деректер мен дәйектемелер дұрыс талдай білу, имидж қалыптастыру үшін әріптестермен кәсіби байланыс орнату әдістерін, қоғамда жағымды бейне қалыптастырудың тәсілдерін  білу, ақпаратты зерттеудің теориясы мен әдістемесін меңгеру, PR саласында контент дайындай алу.
8Әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істеудің әдістерін, қызметтік мәтінді құрастыру мен ақпартты жарнамалаудың жүйесін, қоғамдық пікірге сараптама жасауды білу, коммуникация теориялары мен негізгі әдістерін  меңгере отырып, ұлттық мәдениетпен байланыстыра пікір білдіру, беделді басқару әдістемесін үйрену.
9Қазіргі заманғы технологиялық талаптары бар баспа басылымының, телерадио бағдарламасының, мультимедиялық материалдың өндірістік процесіне қатысу, өзекті проблемаларды бағалау, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық процестерді дамытудағы қалыптасқан үрдістер негізінде жағдайларға түсінік беру, журналистік зерттеуді өз бетінше жүзеге асыру, қоғаммен байланыстың теориясы мен практикасын білу.
10Жарнама мен PR мәтінін құрастыруды меңгеру, жарнама жасауда медиа жоспарлау заңдылығын, мәдени қарым-қатынас орнатудың негіздері мен әдістерін білу, қоғаммен байланыс саласында кәсіби және жеке қызмет тәжірибесін көрсету, практикалық міндеттерді жедел шешуге ықпал ететін жүйелі ойлау дағдыларын меңгеру. кәсіби қызметте теориялық білімін қолдану, шет тілінде ақпарат дайындап үйрету.
11Қоғаммен байланыс дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері туралы білімді интеграциялау және қоғамдық-саяси өмірмен байланыстыру, қоғаммен байланыстың негізгі субъект және объектілерін, түрлерін, функциялары мен тетіктерін ажырата білу, қазақ тіліндегі, орыс, ағылшын және басқа да тілдердегі қазіргі қоғаммен байланыс қызметінің  мәселелерін түсіндіру.
12Кәсіби қауымдастықтармен, комерциялық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату, сандық және конвергенттік технологияларды қолдану арқылы қоғаммен байланыс  саласында әр-түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізе алу, конвергенция мен мультимедияның талаптарын білу, қоғаммен байланыс саласында социологиялық және маркетингтік зерттеулер жасай алу.