№ | Результаты обучения |
1 | Еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруында болып жатқан үдерістер контекстінде әлеуметтік-саяси ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде қазақстандық қоғамның өзекті мәселелері бойынша белсенді әлеуметтік ұстаным таныту. |
2 | Базалық, бейінді және қолданбалы ғылымдар саласындағы терең білім негізінде жүйелі экономикалық ойлауды көрсету, қазіргі заманғы экономикалық құбылыстар мен процестердің мәні мен логикасын түсіну. |
3 | Тапсырмаға сәйкес экономикалық деректерді өңдеуге арналған құралдарды таңдау, есептеу нәтижелерін талдау және алынған қорытындыларды негіздеу. |
4 | Жаһандану жағдайында ұлттық және әлемдік экономиканың қазіргі даму тенденцияларын талдау, экономиканың қазіргі проблемалары мен басқару әдістеріне, микро және макроэкономикалық талдау құралдарына, статистикалық есептің даму тенденцияларына назар аудару. |
5 | Кәсіпкерлік субъектісін ұйымдастыру алгоритмін пайдалану, бизнес-жоспарлар әзірлеу, ел экономикасындағы шағын және орта бизнесті ұйымдастыру проблемаларын талдау, бизнестегі ұйымдастырушылық құрылымдар мен менеджментті құру қағидаттары негізінде кәсіпкерлікті басқарудың қажетті дағдыларына ие болу. |
6 | Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы әлеуметтік — экономикалық құбылыстар мен процестерді ашудың инновациялық тәсілдерін таңдау, басқарудың нысандары мен әдістерін салыстыру. |
7 | Басқарушылық қызметтің тиімділігін арттыру міндеттерін шешу бойынша құралдарды таңдауға әдіснамалық тәсілдемелерді меңгеру, ҚР макроөңірлерінің даму ерекшелігін ашу, әлемдік шаруашылық процестерінде бағдарлану және ел экономикасы үшін жаһандық сын-қатерлерді нақты көрсету. |
8 | Уақытты тиімді басқару принциптерін және кәсіпорынның инновациялық қызметін басқарудың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын қолдана отырып, кәсіпорынды қаржылық сауықтыру үшін дағдарысқа қарсы басқару жүйесін әзірлеу, даму проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау мақсатында кәсіпорын мен ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді талдау мен диагностика жүргізу. |
9 | Инвестициялық жобалардың тиімділігі мен пайдалылығын бағалау, кәсіпорынды басқарудың инновациялық нұсқаларын ұсыну, еңбекті талдау мен нормалаудың оңтайлы әдістерін, сондай-ақ еңбекті ұйымдастыру нысандарын таңдау. |
10 | Қызметтің қаржылық нәтижелерін арттыру факторы ретінде басқару жүйесін қалыптастыру мақсатында кәсіпорынның шығындарын анықтау және бағалау. |
11 | Операциялық (өндірістік) қызметті ұйымдастыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың операциялық (өндірістік) қызметін басқаруда экономикалық есептеулер мен стратегиялық, тактикалық және жедел шешімдер қабылдау әдістерін меңгеру. |