Білім беру бағдарламасы6B04109 Экономика және басқару
БББ мақсаты  Білім беру бағдарламасының мақсаты практикалық дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар, кәсіпорындардың жұмыс істеуінің қаржылық-шаруашылық, маркетингтік проблемалары туралы түсінігі бар, экономикалық объектілердің қызметін талдай алатын, басқарушылық шешімдер қабылдай алатын, процестерді, құбылыстарды, жағдайларды сипаттау және болжау үшін модельдерді құру және пайдалану әдістерін меңгерген, сонымен бірге олардың сапалық сандық талдауы мен синтезін жүзеге асыратын маман даярлау болып табылады.
БББ түрі Жаңа БББ
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ 
Берілетін академиялық дәреже  Бакалавр
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліОрыс, қазақ
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартҚаржылық менеджмент
                            Результаты обучения
1 Еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруында болып жатқан үдерістер контекстінде әлеуметтік-саяси ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде қазақстандық қоғамның өзекті мәселелері бойынша белсенді әлеуметтік ұстаным таныту.
2Базалық, бейінді және қолданбалы ғылымдар саласындағы терең білім негізінде жүйелі экономикалық ойлауды көрсету, қазіргі заманғы экономикалық құбылыстар мен процестердің мәні мен логикасын түсіну.
3Тапсырмаға сәйкес экономикалық деректерді өңдеуге арналған құралдарды таңдау, есептеу нәтижелерін талдау және алынған қорытындыларды негіздеу.
4Жаһандану жағдайында ұлттық және әлемдік экономиканың қазіргі даму тенденцияларын талдау, экономиканың қазіргі проблемалары мен басқару әдістеріне, микро және макроэкономикалық талдау құралдарына, статистикалық есептің даму тенденцияларына назар аудару.
5Кәсіпкерлік субъектісін ұйымдастыру алгоритмін пайдалану, бизнес-жоспарлар әзірлеу, ел экономикасындағы шағын және орта бизнесті ұйымдастыру проблемаларын талдау, бизнестегі ұйымдастырушылық құрылымдар мен менеджментті құру қағидаттары негізінде кәсіпкерлікті басқарудың қажетті дағдыларына ие болу.
6Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестерді ашудың инновациялық тәсілдерін таңдау, басқарудың нысандары мен әдістерін салыстыру.
7Басқарушылық қызметтің тиімділігін арттыру міндеттерін шешу бойынша құралдарды таңдауға әдіснамалық тәсілдемелерді меңгеру, ҚР макроөңірлерінің даму ерекшелігін ашу, әлемдік шаруашылық процестерінде бағдарлану және ел экономикасы үшін жаһандық сын-қатерлерді нақты көрсету.
8Уақытты тиімді басқару принциптерін және кәсіпорынның инновациялық қызметін басқарудың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын қолдана отырып, кәсіпорынды қаржылық сауықтыру үшін дағдарысқа қарсы басқару жүйесін әзірлеу, даму проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау мақсатында кәсіпорын мен ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді талдау мен диагностика жүргізу.
9Инвестициялық жобалардың тиімділігі мен пайдалылығын бағалау, кәсіпорынды басқарудың инновациялық нұсқаларын ұсыну, еңбекті талдау мен нормалаудың оңтайлы әдістерін, сондай-ақ еңбекті ұйымдастыру нысандарын таңдау.
10Қызметтің қаржылық нәтижелерін арттыру факторы ретінде басқару жүйесін қалыптастыру мақсатында кәсіпорынның шығындарын анықтау және бағалау.
11Операциялық (өндірістік) қызметті ұйымдастыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың операциялық (өндірістік) қызметін басқаруда экономикалық есептеулер мен стратегиялық, тактикалық және жедел шешімдер қабылдау әдістерін меңгеру.