Білім беру бағдарламасы6B11101 Туризм
БББ мақсаты Туризм және қонақжайлылық индустриясын жетілдіруге, туристік саланы мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге, туристік іс-шараларда, сондай-ақ туризммен байланысты адам қызметінің басқа да салаларында алдын алу және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жоспарлауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті қазіргі заманғы инновациялық технологиялар саласындағы ғылым негіздерін, білімдерді меңгерген білікті туристік кадрларды даярлау
БББ түріҚолданыстағы БББ
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ  
Берілетін академиялық дәреже  Бакалавр
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліОрыс, қазақ, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартТуризм; іскерлік іс-шаралар (фестивальдар, көрмелер, форумдар, инфотурлар) ұйымдастыру; туристік қызметтер көрсету; келу және ішкі туризм саласында туристік қызметтер ұйымдастыру; шығу туризмі саласында туристік қызметтер ұйымдастыру; туристік қызметтер көрсету; Туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастыру және өткізу; экскурсиялық қызметтер көрсету; іскерлік/бизнес сапарлар мен MICE қызметтер ұйымдастыру.
                            Результаты обучения
1құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті
2негізгі терминдер мен ұғымдарды, туризм индустриясы мен инфрақұрылымының жүйелік негіздерін, сондай-ақ белсенді туристік маршруттарды өткізу техникасы мен тактикалық әзірлеуді біледі
3Қазақстан өңірлерінің, атап айтқанда Жетісу өңірінің туристік-рекреациялық ресурстарын, сондай-ақ ерекше қорғалатын аумақтардағы туристік маршрутты әзірлеу ерекшелігін біледі
4туристік кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесін және қонақжайлық, демалыс және ойын-сауық индустриясы кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын біледі, сондай-ақ туристік индустрия кәсіпорындарында менеджмент функцияларын қолданады
5туристік қызметте маркетинг құралдарын пайдаланады және туристік индустрия ұйымдарында тиімді басқару шешімдерін қабылдау кезінде логистика технологияларын қолданады
6қазақ, орыс және шет тілдерінде кәсіби қарым-қатынас дағдыларын, сондай-ақ шет елдердің және әлемнің негізгі туристік аймақтарының ерекшеліктері туралы білімдерін пайдаланады
7Туризм индустриясы және қонақжайлық кәсіпорындары үшін автоматтандырылған басқару жүйесін қолданады, сондай-ақ туристік өнімді қалыптастыру, жылжыту және сату бойынша қазіргі заманғы технологияларды пайдаланады
8қонақ үй кәсіпорындарының экономикалық қызметін, емдеу-сауықтыру туризмінің даму үрдістері туралы ақпаратты, сондай-ақ экскурсиялық маршрутты дайындау әдістемесін талдайды
9туристік рәсімділіктерді ескере отырып, туристік кәсіпорындардың жарнамалық-ақпараттық қызметін және туристік қызметті талдайды, сондай-ақ нормативтік-әдістемелік актілерге сәйкес іскерлік құжаттаманы жасайды және ресімдейді.