Білім беру бағдарламасы7M04104 Есеп және аудит
БББ мақсаты қаржылық және басқарушылық есеп пен аудит саласындағы алдыңғы қатарлы білімі мен дағдылары бар мамандарды, сондай-ақ жоғары білім жүйесі мен ғылыми құрылымдар үшін бухгалтерлік және аналитикалық ғылымдар мен педагогика саласындағы терең білімі бар кадрларды даярлау
БББ түріҚолданыстағы
ҰБШ бойыншадеңгей7
СБШ бойыншадеңгей7
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 2 жыл
Кредиттердің көлемі 120
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекіту күні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандарт Қаржылық менеджмент
                             Оқытудың нәтижесі
1қолданбалы, ғылыми-зерттеу және есепке алу-талдау міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін философиялық және ғылыми танымның сәйкес әдістерін қолданады;
2күрделілігі жоғары жобаларды ұйымдастыру және басқару бойынша міндеттерді шешеді, пікірталастарда және шешімдер қабылдауда позицияның тәуелсіздігін көрсетеді;
3оқу-тәрбие жағдайларын талдау, педагогикалық міндеттерді қалыптастыру және шешу, сондай-ақ есеп және аудит саласында ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізу дағдыларын қолданады;
4бухгалтерлік есеп пен аудиттің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу үшін шет тілінде қажетті ақпаратты жинауды, өңдеуді және түсіндіруді жүзеге асырады;
5экономикалық объектілердің қызметін талдайды және кәсіпорында қаржылық және басқарушылық есепті тиімді ұйымдастыру мен жүргізудің қажетті нысандарын ғылыми негізделген таңдауды жүргізеді;
6ХҚЕС және ХҚЕС ҚС ережелерін талдаудың озық әдістерін пайдалана отырып, әр түрлі меншік (мемлекеттік, жеке және/немесе аралас) отандық және шетелдік кәсіпорындардың қаржылық есебі мен есеп беру аудиті жүйесін салыстырады;
7бюджеттік мекемелердің баланс жүргізу және есеп беруін дайындау саласындағы арнайы құзыретіне сүйене отырып, шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысандары кәсіпорындарының активтерін, міндеттемелері мен капиталын бухгалтерлік есепке алу әдіснамасындағы айырмашылықтарды анықтайды;
8экономиканың қоғамдық секторының коммерциялық ұйымдары мен ұйымдарының есебін жүргізудің ғылыми және экономикалық негізделген әдістерін іздеу және салық есептілігін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің ерекшеліктерін талдайды;
9кәсіпорынның қолданыстағы есептік жүйесінің басқарушылық есептің креативті модельдерін және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған есептілігін жасау әдістерін енгізуге бейімделуін арттыру үшін салықтық және бюджеттік есепке алудың қосалқы шоттарын әзірлейді;
10өндірістік-басқару міндеттемелерінің кең спектрі бойынша, ТЖҚ өзіндік құнын калькуляциялаудан және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпаратты талдаудан бастап, бюджеттік мекемелердің шоғырландырылған есептілігін және қаржы институттарының есептілігін дайындауға және ұсынуға дейін аудиторлық ұсынымдар әзірлейді
11есеп саясатының тиімділігін бағалайды және экономиканың түрлі салалары кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің практикалық мәселелерін шешеді (ЭМС, ТҮКШ, ШФҚ, ЕДБ және т. б.): құрылтай құжаттарын және коммерциялық шарттарды жасайды, іскерлік кездесулер өткізеді және экономикалық есептеулер мен көрсеткіштерді бағалауды жүзеге асырады;
12экономикалық оқиғалар мен бизнес-үдерістерді дамытудың мүмкін болатын нұсқаларынан әсерлерін болжайды, үлкен ақпарат массивіне әрекет етеді және деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін (EDPS және Big Data) қолдана отырады.