№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | Өзін-өзі дамыту қабілеті бар, әлеуметтік құбылыстарды сыни талдауға қабілетті және дайын, дискуссияда өз пікірін дәлелді түрде айтады, мамандығы бойынша шетел әдебиетін еркін оқиды және аударады, алынған ақпаратты талдай отырып, түсіндіре алады және бағалай алады. |
2 | Нарықтық экономика жағдайында корпорациялардың қаржылық қатынастары теориясы мен тәжірибесіне ие, әртүрлі меншік және шаруашылық нысандарындағы кәсіпорындардың қаржыларын ұйымдастыру ерекшеліктерін біледі. |
3 | Компаниялар мен қаржы институттарының тәуекелдерін талдау және тәуекелдерді басқару бағдарламалары мен құралдарын әзірлеу, дағдарыс жағдайында қаржылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгерген. |
4 | Компанияларда, қаржы институттарында стратегиялық шешімдер қабылдау және олардың қаржы саясатын әзірлеу үшін аналитикалық негіздемелерді құрайды. |
5 | Қазіргі қаржы нарықтарында операцияларды тиімді реттеу мен басқарудың білімі мен әдіснамасын қолданады. |
6 | Компаниялар мен қаржы институттарын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін капитал көздерін талдай алады, басқарушылық шешімдердің нұсқаларын әзірлейді және әлеуметтік-экономикалық тиімділік өлшемдері негізінде таңдауды негіздейді. |
7 | Кәсіби қызметте бағдарламалық өнімдер мен қаржылық технологиялар білімін қолданады. |
8 | Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасына, ХҚЕС және ХАС сәйкес әр түрлі меншік және шаруашылық нысандарындағы кәсіпорындардың бюджеті мен қаржылық есептілігін жасау және талдау дағдылары мен әдістерін меңгерген, болжамдық қаржылық жоспарларды әзірлей алады. |
9 | Қаржы институттарының қызметін талдай алады, қаржылық менеджмент нысандарын ғылыми негізделген таңдауды жасай алады, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауды жүргізе алады. |