Білім беру бағдарламасы7M04106 Қаржы
БББ мақсаты Қаржылық-банктік саласында қазіргі заманғы кәсіпорындар мен нарықтық құрылымдарға қажетті, серпінді өзгеріп жатқан әлеуметтік және кәсіби қызмет жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, негізгі кәсіби функцияларды іске асыруға жоғары дайындық деңгейіне ие, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандар даярлау.
БББ түріҚолданыстағы
ҰБШ бойыншадеңгей7
СБШ бойыншадеңгей7
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 1 жыл
Кредиттердің көлемі 60
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандарт Қаржылық менеджмент
                             Оқытудың нәтижесі
1Өзін-өзі дамыту қабілеті бар, әлеуметтік құбылыстарды сыни талдауға қабілетті және дайын, дискуссияда өз пікірін дәлелді түрде айтады, мамандығы бойынша шетел әдебиетін еркін оқиды және аударады, алынған ақпаратты талдай отырып, түсіндіре алады және бағалай алады.
2Нарықтық экономика жағдайында корпорациялардың қаржылық қатынастары теориясы мен тәжірибесіне ие, әртүрлі меншік және шаруашылық нысандарындағы кәсіпорындардың қаржыларын ұйымдастыру ерекшеліктерін біледі.
3Компаниялар мен қаржы институттарының тәуекелдерін талдау және тәуекелдерді басқару бағдарламалары мен құралдарын әзірлеу, дағдарыс жағдайында қаржылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгерген.
4Компанияларда, қаржы институттарында стратегиялық шешімдер қабылдау және олардың қаржы саясатын әзірлеу үшін аналитикалық негіздемелерді құрайды.
5Қазіргі қаржы нарықтарында операцияларды тиімді реттеу мен басқарудың білімі мен әдіснамасын қолданады.
6Компаниялар мен қаржы институттарын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін капитал көздерін талдай алады, басқарушылық шешімдердің нұсқаларын әзірлейді және әлеуметтік-экономикалық тиімділік өлшемдері негізінде таңдауды негіздейді.
7Кәсіби қызметте бағдарламалық өнімдер мен қаржылық технологиялар білімін қолданады.
8Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасына, ХҚЕС және ХАС сәйкес әр түрлі меншік және шаруашылық нысандарындағы кәсіпорындардың бюджеті мен қаржылық есептілігін жасау және талдау дағдылары мен әдістерін меңгерген, болжамдық қаржылық жоспарларды әзірлей алады.
9Қаржы институттарының қызметін талдай алады, қаржылық менеджмент нысандарын ғылыми негізделген таңдауды жасай алады, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауды жүргізе алады.