Білім беру бағдарламасы7M04107 Экономикалық кибернетика
БББ мақсаты   Экономикалық-математикалық әдістер мен қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негізінде әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тиімді шешімдерді қалыптастыру және іске асыру саласында жоғары білікті маман-аналитиктер даярлау
БББ түріЖаңа БББ
ҰБШ бойынша деңгей7
СБШ бойынша деңгей7
БББ айрықша ерекшеліктеріЖоқ
Берілетін академиялық дәреже  Магистр
Оқыту мерзімі 2
Кредиттердің көлемі 120
Оқыту тіліОрыс, қазақ, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекіту күні07.04.2021 (хаттама № 4)
                             Оқытудың нәтижесі
1ғылыми танымның әдіснамасын меңгерген, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің міндеттерін шешу кезінде философиялық-әдіснамалық мәселелердің мазмұны мен деңгейін талдай және бағалай алады;
2жоспарлы міндеттерді шешуде экономикалық-математикалық модельдерді қолданады, экономикалық жүйенің дамуын және оның жұмыс істеуінің жеке көрсеткіштерін болжайды;
3пәнаралық және ғылыми ортада, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарында, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметте коммуникация үшін шет тілін меңгерген;алынған білім мен тиісті арнайы әдістердің көмегімен кез келген объектіні талдауда экономикалық әдістерді қолданады;
4басқару мәселелерін және олардың салдарын талдайды, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын ұсынады; ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарының нәтижелерін қорытады.
5зерттелетін экономикалық құбылысқа сәйкес модельдер әзірлейді; техникалық-экономикалық негіздеме жүргізудің тиімді әдістерін анықтайды; экономикалық жүйелерді математикалық және компьютерлік модельдеуге қатысты міндеттерді шешу жолдарын оңтайландырады.
6экономикалық қызметті бағалаудың математикалық әдістерін салыстырады; ақпаратты өңдеу, талдау және жүйелеу технологияларын ұсынады.
7ақпараттық технологиялар, компьютерлік бағдарламалар және басқару дағдыларын қолдана отырып, микро және макро деңгейдегі экономикалық құбылыстар мен процестерді модельдейді.
8Тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, бизнес-процестерді, бизнес-жобаларды басқарады, математикалық модельдеуді қолдану арқылы экономикалық тәуекелдерді бағалайды.
9жаһандану үдерісінің дамуы аясында әлеуметтік-экономикалық процестердің жағдайын бағалайды.
10бизнесті басқару саласындағы жаңа әзірлемелермен бірге жүру үшін кәсіби даму мен қолда бар ресурстардың маңыздылығын бағалайды; кәсіпорынның, өңірдің немесе саланың экономикалық жағдайын болжаудың және экономикалық көрсеткіштердің жүйелі талдауын пайдаланады;
11бизнес саласындағы проблемаларды диагностикалау, бағалау, шешу және мүмкіндіктерді табу үшін талдамалық дағдыларды, қосымшаларды әзірлеудің көрнекі ортасын пайдалана отырып, жоғары деңгейдегі тілдердегі қолданбалы бағдарламаларды әзірлейді, тиісті бағдарламалық компьютерлік жүйелерді сүйемелдейді және әзірлейді;
12ғылыми-зерттеу және талдау жұмысының нәтижелерін диссертация, ғылыми мақала, аналитикалық есеп түрінде жинақтайды және бизнес-үдерістер үшін сараптамалық жүйелерді пайдаланады.