Білім беру бағдарламасы01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
БББ мақсаты Магистрлік бағдарлама мектепке дейінгі білім беру саласында еңбек нарығында сұранысқа ие, мектепке дейінгі үйымның әртүрлі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және басқаруғақабілетті жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлауға, мемлекеттік стандарт талаптары деңгейінде мектепке дейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, бейімдеуге, іске асыруға бағытталған.
БББ түріҚолданыстағы
ҰБШ бойыншадеңгей7
СБШ бойыншадеңгей7
Берілетін академиялық дәреже  магистр
Оқыту мерзімі 2 жыл
Кредиттердің көлемі 120
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1ғылым тарихы мен философиясының тұжырымдамалық және әдіснамалық аппаратын меңгерген, ғылымның қазіргі философиясының ережелерін абстрактілі-логикалық талдау және синтездеу ерекшелігін, ғылым эволюциясының негізгі кезеңдерін, әлемнің ғылыми картинасының функциялары мен негіздерін ескереді, ғылымның тарихы мен философиясының қазіргі заманғы мәселелерін жүйелейді және талдайды.
2шетелдік көздерден кәсіби мазмұндағы ақпарат алуға, ғылыми хат жазысуға, ғылыми мақалалар мен баяндамаларды дайындауға қажетті көлемде шет тілін меңгерген; жеке тұлғалық қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін түрлі қызмет түрлерінде жүзеге асырады, ауызша және жазбаша түрде өз ұстанымын білдіреді
3педагогикалық ғылымдарды оқытудың негізгі әдістерін, кәсіби құзыреттілікті жетілдіру мен дамытудың негізгі тәсілдерін меңгерген, педагогикалық мониторинг тәсілдерін қолданады, кәсіби және басқа салаларда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру тәсілдерін қолданады
4білім беру жүйесіндегі басқару қызметінің шарттары мен ерекшеліктерін, коммуникацияның психологиялық заңдылықтарын талдайды және кәсіби қызметте ұжым мен кіші топ психологиясының негізгі ережелерін, топтық динамика үдерістеріндегі Көшбасшының рөлін, көшбасшылық, басшылық пен менеджмент арасындағы айырмашылықтарды ескереді
5әлеуметтік өзара іс-қимыл жасау кезінде білім беру процесіне қатысушылардың этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарының негізгі даму тенденцияларын талдайды, білім беру үдерісінде балалардың этномәдени бейімделу бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастырады
6кәсіби қызметте тиімді қарым-қатынас техникасы мен тәсілдерін қолданады, мектепке дейінгі жастағы балалар тобында тұлғааралық қарым-қатынасты құру тәсілдерін, сондай-ақ олармен және олардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынас формалары мен әдістерін біледі, Педагогикалық шеберлік құрылымындағы негізгі категорияларды, ұғымдарды талдайды
7ойлау мәдениетін, мектепке дейінгі және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи білімдерді қисынды және нақты жинақтау қабілетін, оқыту әдістемесін және өзінің кәсіби қызметінің бейінін жетілдіру, инклюзивті білім берудің маңыздылығын, мәнін және ерекшеліктерін біледі және түсінеді
8ғылыми мәселелерді тереңдете зерттеу, қойылған міндеттерді дәйекті шешу және алынған нәтижелерді мұқият тексеру дағдыларын меңгерген; қойылған ғылыми міндеттерді тереңдете өңдеу үшін пәнаралық әдістерді қолдана алады, зерттеудің өзіндік әдістерін жасай алады, зерттеудің белгілі әдістерін өз әзірлемелерімен салыстыра алады
9мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың әртүрлі әдістерінің, тәсілдерінің, әдістемелерінің, нысандарының педагогикалық мүмкіндіктерін бағалайды; психодиагностикалық әдістемелер мен психометриялық процедураларды пайдаланады; педагогикалық мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты талдайды, педагогикалық қызметтің тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады
10кәсіби міндеттерді шешу үшін теорияны қолдану процесінде алынған нәтижелерді трансляциялау кезінде кері байланыстарды тиімді ұйымдастырады; этикалық нормалар тұрғысынан кәсіби қарым-қатынасты сауатты құрады
11ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты жоспарлайды, мектепке дейінгі балаларды отбасылық тәрбиелеу ерекшеліктерін, ата-аналар мен балалардың отбасындағы өзара қарым-қатынасын зерттейді, отбасымен жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін құрастырады, педагогикалық процесті басқарудың әдістерін, тәсілдерін және құралдарын меңгерген
12оқытудың кейінгі кезеңдерінде, сондай-ақ кәсіби қызметте алынған білімді біріктіреді, мектепке дейінгі мекемеде оқытудың мазмұны мен технологияларын әзірлейді және қазіргі педагогикалық технологияларды қолданады