«Дін және Жастар»

06.12.2022 жылы Жетісу облысы Талдықорған орталық «Иман» мешіті имамы Ережеп имаммен «Дін және Жастар» тақырыбында Техникалық ғылымдар  жоғары мектебі 2 курс білімгерлерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты барысында жастар кездесуде ұлтаралық келісім мәселесі, Ислам дінінің категориясы, ислам діні туралы уағыздар айтылатын кездесулер мен дәрістердің жиі ұйымдастырылып тұруына байланысты ұсыныстарын айтып, ислам діні туралы салиқалы пікірлерін білдірді. Кездесу барысында білімгерлер өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, бас имамнан сол сұрақтарға толық жауаптар алып, алғыстарын білдірді.