Оқыту курсы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы мен Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 5-10 желтоқсан аралығында «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару» оқыту курсын өткізді. Курс меншік иелері бірлестіктерінің төрағалары, қарапайым серіктестіктің сенімді өкілдері, көппәтерлі үй менеджерлері, көппәтерлі тұрғын үйді басқару және қызмет көрсету бойынша басқарушы компаниялар үшін ұйымдастырылды.

2 кредит (60 сағат) көлеміндегі оқыту бағдарламасы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару бойынша тыңдаушылардың біліктіліген арттыруға бағытталған. Сабақтарды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Данияр Искаков, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Динара Нығматуллина жүргізді. Бағдарлама бойынша Талдықорған қаласының пәтер иелерінің кооперативі және меншік иелері бірлестігінің 15 төрағасы оқудан өтті. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.