Қытай мәдениетінен ашық мастер класс

06.04.2023 І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің,Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебінің оқытушылары Жұмағали Қаныша мен Сартова Айнур ШТҚ-211,АІҚ-211 топ білімгерлерімен бірлесіп, «Қытай мәдениеті» бойынша ашық мастер класс сабағын өткізді. Ашық мастер класс сабағының мақсаты: ПОҚ және білімгерлерді Қытай мәдениетімен жақынырақ таныстырып, рухани демалыс ұйымдастыру болды. Мастер класс барысында «Қытайлық шәй құю рәсімі» көрсетілді, «Қытайлық кунгфу өнері» элементтерін қамтитын сергіту сәті,«Қытай түйіні»  және «Қытай  каллиграфиясы»  бойынша воркшоптар өткізілді.