Ғылыми зерттеулер

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

            Университет 2021 жылдан бастап жыл сайын жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға «Jas ǵalym» конкурсын өткізеді. Конкурс өндіріспен, ішкі және әлемдік нарықтармен байланысты нығайтуға бағытталған ғылым салаларындағы жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруды ынталандыруға бағытталған. Бұл конкурс жас ғалымдарымыз үшін тек қаржылай қолдау ғана емес, сонымен қатар ғылыми жұмыстарын жетілдіріп, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін тіркеуден өткізіп, «Ғылым Қоры» АҚ «Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.

«Jas ǵalym–2021-2022» аясында 17 млн.теңге қаржыландыру сомасымен 15 үздік жоба іске асырылды. Конкурстардың нәтижелері бойынша 4 жоба ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін тіркеуден өтті. Қазіргі таңда екі жылдың нәтижесі бойынша 7-прототип, 3-web сайт, 3- қосымша әзірленді, сонымен қатар  қорғау құжаттары: авторлық куәліктер – 13, патенттер – 5 алынды және Scopus/Web of Science базасына кіретін журналдарда – 4, РҒДИ – 9, сондай-ақ ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда – 9 мақалалар жарияланды.

«Jas ǵalym – 2023» жас ғалымдар байқауының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 12 млн теңгеге 9 жоба жүзеге асырылуда.

             «Jas galym» байқауы аясында орындалған 5 жобасы «КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫ» диалог алаңына одан әрі қатысу үшін «Өнер-табыс питчінде» АҚ «Ғылым қорына» таныстырылды. IT бағыттағы 9 жоба жетекшілері ASTANA HUB-пен бірлесіп «Startup Orda» инкубациялық жобасынан өтіп, сертификаттар алынды. 3 жоба 2022 жылы Astana Hab өткізген Idea battle-инновациялық идеялар байқауы бойынша үздік 10 жобаның қатарына енді. «Jas galym – 2021» байқауының жеңімпазы  Абдулаева А.Б., «Jas galym – 2022» байқауының жеңімпазы Қамбарова А. ASTANA HUB-пен келісім-шарт аясында барлық кезеңдегі стартап жобаларын жеделдететін «TECHPRENEURS» акселерация бағдарламасынан өтуде. «Jas galym – 2022» конкурсының жеңімпазы Камбарова А. «Атамекен» ҰКП «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтті (сертификат 000000033255-02082022). Коммерцияландыру аясында келесі ЖК тіркеліп, жұмыс істеп жатыр: (ИП «YOLO GROUP», ИП «Жаканов Д.З.», ИП «НАИМА», ИП «Aura.delivery», ИП «Дигай»).

            Біздің ғалымдар өз білімімен, жұмысымен, ынта-жігерімен ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосып келеді. Университет барлық бағыттардағы ғылыми бағытты дамыту және ғалымдарды, әсіресе жастарды қолдау үшін жағдай жасауда.