«ЖЫЛ ПРАКТИКАНТЫ» БАЙҚАУЫ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті бойынша өткен «Жыл практиканты» атты байқауда  гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, “Шетел тілі: екі шетел тілі” білім беру бағдарламасының ШТҚ-412 тобының білімгері Жайлаубай Сания Серікханқызы мәртебелі 3 орынға ие болды.

5 айға созылған Педагогикалық өндірістік іс-тәжірибе кезінде оқушылардың тілге деген ынта-ықыласын арттыру үшін жүйелі жұмыс атқарып, нарық  сұранысына ие маман екендігін дәлелдеді. Оқыту барысында әдістемелік жаңашылдықтар арқылы нәтижелі жетістіктерге жетті. Сабақтан тыс іс-шаралар жүргізу арқылы өзінің икемділігін көрсете білді.

Іс-тәжірибе жетекшісі: Ұ. Қ. Орынбаева