Байқау

Кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу сапасын арттыру мақсатында 2023 жылдың 30 мамырында Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті барлық білім беру бағдарламаларының бітіруші түлектер арасында «Жыл практиканты» атты байқауын өткізді. Конкурстың мақсаты-студенттердің кәсіби практикасын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмысты жетілдіру, оң тәжірибе жинақтау және алмасу, кәсіби практикадан өту кезеңінде білім алушылардың алған білімдері мен дағдыларының деңгейі мен сапасын анықтау. Университет деңгейінде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның үйлестірушісі Әсел Ерікқызы Беделбаеваның және университеттің практикасына жауапты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу – әдістемелік бөлімінің үйлестірушісі Айгүл Шоқанқызы Алпысбаеваның төрағалығымен конкурстық жұмыстар мен есептерді объективті бағалау үшін барлық жоғары мектептердің профессор – оқытушылар құрамынан комиссия құрылды. Байқау қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 6 қатысушы байқау жеңімпазы деп танылып I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды: 1 орын – Жармұхамбет Аружан Нұрмұхамбетқызы, «Математика-информатика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті (Жаратылыстану жоғары мектебі); 2 орын – Аязбек Айзада Сапарбекқызы, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті (Педагогика және психология жоғары мектебі); 2 орын – Рахманбек Айгүл Құрманғалиқызы, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті (Педагогика және психология жоғары мектебі); 3 орын – Жайлаубай Сәния Серікханқызы, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті (Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі); 3 орын – Рысбек Риза, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті (Құқық және экономика жоғары мектебі); 3 орын – Жеребаева Мерей Ғалымқызы, «Агрономия» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті (Техникалық ғылымдар жоғары мектебі). Байқау жеңімпаздары мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!