ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультеттің міндеттері: сапалы білім беруді ұйымдастыру арқылы Республикаға және аймаққа  мектепке дейінгі және бастауышта оқыту мен тәрбиелеу, арнайы педагогика, педагогика және психология бағытындағы білім беру бағдарламаларының үш сатылық жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура)  деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлау арқылы мемлекеттің білім беру саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру мен жаңа заманауи жағдайға байланысты жаңғырту және жүзеге асыру болып табылады.

0

Студент

0

Магистрант

0

Докторант

ФАКУЛЬТЕТ БЛОГЫ

Хабарландыру

05.12.2025 жылы 6В01201 — «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»» және...

Read More

Дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің BR24993150 «Мүмкіндігі...

Read More

ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ

10 шілде 1973 ж.

Педагогика және психология факультетінің тарихы институт құрылған күннен бастап қызмет жасаған педагогика және психология кафедрасынан бастау алады. 1973 жылдың 10 шілдесінде педагогика және психология кафедра меңгерушісі қызметіне аға оқытушы Туркпенов Жолмухан Туркпенұлы тағайындалды.

1977 ж.

1977 жылы осы кафедраның негізінде музыкалық-педагогика факультеті ашылып, факультеттің алғашқы деканы болып Қазақ КСР-на еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, доцент Манаспаева Аксулу Алимхановна тағайындалды.

1980 ж.

1980 жылы музыка-педагогика факультеті негізінде музыка-педагогика және мектепке дейінгі педагогика факультеттері құрылды.

1980-2018 жыл

Факультеттің пайда болуы мен дамуына келесідей белгілі ғалымдар өз үлестерін қосты, декандар: А.А.Манаспаева (1973-1980жж), Р.Д.Когай (1980-1987жж), В.Н.Капралов (1987-1996жж), Д.Р Примбекова (1996-1998жж), Е.Ш.Темиров (1998-2008жж), Х.Т.Наубаева (2008-2015жж), С.А.Сочин (2015-2017жж), М.Т.Кантуреев (2017-2018жж).

2018 ж.

2018 жылдың қыркүйегінен факультетті педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ыбыраимжанов Қалибек Турдыгазиевич басқарады.

2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «02» мамыр 2019 ж. №432 бұйрығы негізінде 6D010000 – Білім (педагогикалық ғылымдар) (PhD) философия докторы дәрежесін тағайындау және бейіні бойынша докторлық диссертацияны қорғау диссертациялық кеңесі 6D010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 6D010300 – «Педагогика және психология», 6D010900 – «Математика» мамандықтары бойынша ашылды.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

"БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ"

"МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ" "Мектепке дейінгі білім беру IP"

« ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ » "IP ПСИХОЛОГИЯ"

« ДЕФЕКТОЛОГИЯ /АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА»

ФАКУЛЬТЕТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

2014 жыл
ACQUIN халықаралық аккредициясы

2014 жылы ОБ 5В010200" Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" ACQUIN мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден өтті (2015 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін Германия, Байройт қ. сапа сертификаты).

2015 жыл
Бакалавриат бағдарламалары бойынша жетістіктер

2015 жылы 5В010200 "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" ББ НААР бакалавриатының білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 18 ЖОО арасында 5-ші орынға ие болды. Бакалавриат білім беру бағдарламасы БСҚТҚА рейтингісінің нәтижесі бойынша 9 ЖОО арасында 3-ші орын алды.

2015 жыл
Магистратура бағдарламасы бойынша жетістіктер

2015 жылы ОБ 6М010200 "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" НААР магистратурасының білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 7 ЖОО арасында 1-орын алды.

2015 жыл
Докторантураның ашылуы

2015 жылы 6D010200 -"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының PhD докторантурасы ашылды.

2018 жыл
Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық Кеңес.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2018 жылғы "29" желтоқсандағы № 2058 /2019 жылғы"2" мамырдағы №432 (2022 жылғы 30 сәуірге дейін)/ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанындағы 6D010200 – Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі, 6D010300 – Педагогика және психология, 6D010900 – Математика мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық Кеңес ашылды.

ҚР БҒМ қаржыландыратын гранттық жобалар

Зерттеу тақырыбы

Орындаушылар 

AP08856314 «Оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтердің дайындығын қалыптастыру».Жетекші: Майлыбаева Г.С.
AP08856810 «Жаңартылған білім мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру».Жетекші: Ыбыраимжанов К.Т.
AP08857092 «Организация довузовской подготовки лиц с ограниченными возможностями здоровья в системе инклюзивного высшего образования».Жетекші: Жакипбекова 
2024
«Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі жаңа талаптар мен жетістіктер» атты ХVI Республикалық пәндік олимпиада ІІІ орын

🎓2024 жылдың 18 қазанында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастырумен «Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі жаңа талаптар мен жетістіктер» атты ХVI Республикалық пәндік олимпиада өтті.

⚜️ Оған Жетісу университетінің Педагогика және психология факультеті 6B01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған "Томирис" командасы қатысып
III орынды жеңіп алды.

2024
«Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «Болашақ табысты ұстаз – ұлт кепілі» атты ХV республикалық пәндік олимпиадан І орын

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «Болашақ табысты ұстаз – ұлт кепілі» атты ХV республикалық пәндік олимпиада өтті.

⚜️ Оған Жетісу университетінің Педагогика және психология факультеті «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған «Жалынды Жетісу жастары» командасы қатысып I орынды жеңіп алды.

2025
Футболдан Басқарма Төрағасы – Ректор кубогінің II орын

«Футболдан Басқарма Төрағасы – Ректор кубогінің II орын иегерлері – Педагогика және психология факультетінің студенттері. Бұл жетістік біздің факультетіміздің ұйымшылдығы мен табандылығының айқын дәлелі.»

2025
Волейболдан ІІ орын

Волейболдан Басқарма Төрағасы – Ректор кубогінде II орын иеленген Педагогика және психология факультетінің студенттері факультет намысын асқақтатты айқын дәлелі.»

ДЕКАНАТ

Хаймулданов Ерлан Сеилханович

Факультет деканы

Философия докторы, PhD

Толығырақ

Исатаева Әсел Алимкожақызы

Деканның оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Педагогика  ғылымдарының  магистрі

Толығырақ

Есимбекова Асылжан Омаровна

Деканың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Педагогикалық ғылымдарының магистрі

Толығырақ

WhatsApp Image 2024-09-26 at 15.41.22

Асанбек Бақберген Беркінбекұлы

Деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

педагогика ғылымдарының магистрі

Толығырақ

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР