Дәріс

Жаратылыстану жоғары мектебінде Республикамыздың жетекші университеттерінің білікті оқытушыларын дәріс оқуға шақыру үрдісі жүзеге асырылуда.

18.09.2023 ж. – 13.10.2023 ж. жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, органикалық заттар химиясы және технологиясы, табиғи қоспалар мен полимерлер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD Кудайбергенова Батес Маликовна Google meet платформасында 7М01507– Химия білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттарына «Theoretical aspects of organic chemistry» пәні бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарын өткізуде. Инновациялық әдістерді қолдана отырып өткізген дәріс пен практикалық сабақтарға магистранттар аса қызығушылықпен қатысып, талқылауда.