Хабарландыру

Байқаудың мақсаты: студент, магистрант, докторанттардың ғылыми-инновациялық қызметін насихаттау және ынталандыру; перспективалық зерттеулер мен әзірлемелерді дайындау, дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Байқауға 29 жастан аспайтын (конкурсқа қатысу туралы өтініш қаралған күнді қоса алғанда) студент, магистрант, докторанттар және жаңашыл жастар  қатыса алады.

Өтінімдер Талдықорған қаласы «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ, Педагогика және психология  жоғары мектебі І.Жансүгіров көшесі 187А мекенжайына немесе assylsoul@mail.ru  электронды поштасына екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде 2023 жылғы 27  қазанға дейін жолданады.

Жоғары мектепішілік байқау қорытындысы бойынша 5 жобаға университеттің «ZHETYSU – STARTUP»  конкурсына жолдама беріледі.

Педагогика және психология  жоғары мектебі білім беру бағдарламаларының студенттері, магистранттары және докторанттары арасында өткізілетін «ZHETYSU – STARTUP»  байқауына қатысушы өз атынан бірнеше жобаны ұсына алады. Байқау талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды. Байқауға жіберілген материалдар қайтарылмайды.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 87771784020