«Organization of scientific and pedagogical research in a foreign language» пәнінен «Methods of pedagogical research» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ

2023 жылдың  27-і қазанында п.ғ.м., оқытушы-дәріскер Шакирова А.Д. Педагогика және психология білім беру бағдарламасы 1 курс магистранттарымен «Organization of scientific and pedagogical research in a foreign language» пәнінен «Methods of pedagogical research» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ жүргізді. Сабақ барысында интерактивті тақта пайдаланылып, бірнеше әдістер Wordwall платформасымен жүргізілді, карточкалар арқылы білімдері зерделенді, Padlet платформасымен рефлексия жасалды. Сабақ белсенді де қызықты өтті.  Сабаққа Жоғары және жоғары оқудан кейінгі оқу-әдістемелік бөлімнің бас әдіскері п.ғ.м. Нысанбаева И.Қ., Педагогика және психология білім беру бағдарламасы жетекшісі философия докторы (PhD) Альмухамбетова Б.Ж. және профессорлық-оқытушылар құрамы п.ғ.к. Галиева А.Н., философия докторы (PhD) Мамекова А.Т., п.ғ.м. Абуханова А.Б., пс.ғ.м. Жанатова Д.Б. қатысып ашық сабақты жоғары бағалап, өз тәжірибелерімен бөлісіп кетті.