Педагогика және психология жоғары мектебінде «Startup» инновациялық жобалар байқауы өтті. Байқаудың негізгі идеясы талантты, ынталы жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ, стартап мәдениетін қалыптастыру. Жоғары мектеп бойынша 9 өтінім түсті. Байқау комиссиясымен іріктеу өткізіліп, 5 жоба универитет байқауына жолдама алды. Комиссия мүшелері «Ата-аналар мектебі», «Шексіз шығармашылық» сияқты отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігіне, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жобаларды ерекше атап өтті. Іріктеуден өткен жоба авторларына диплом мен сыйлықтар табысталды.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/WhatsApp-Image-2023-11-21-at-13.17.07-1-768x1024.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/WhatsApp-Image-2023-11-21-at-13.17.08-1-1-1024x768.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/WhatsApp-Image-2023-11-21-at-13.17.08-2-1024x768.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/WhatsApp-Image-2023-11-21-at-13.17.09-2-768x1024.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/WhatsApp-Image-2023-11-21-at-13.18.37-1-1024x768.jpeg)