Байқау

Дүниежүзілік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Күніне арналған «Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі» тақырыбында бейнероликтер байқауы басталды. Конкурс сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін нығайту мақсатында өткізіледі. Конкурс ережелері бойынша қатысушыларға Tik-Tok, Instagram форматында бейнеролик түсіруі қажет. Конкурстың өту кезеңі 2023 жылғы 4-14 желтоқсан аралығында, өтінімдер мен бейнероликтерді қабылдау 12 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.