Кездесу

Құқық саласы мамандарын дайындау мәселелері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқық кафедрасы меңгерушісі з.ғ.д.,профессор С.Ж. Сулейменова мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасы профессорлық оқытушы құрам мен студенттері кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы: дәстүрлі құқыққабылдаушылық және болашаққа көзқарас туралы пікірлер талқыланды. Қазақстан Республикасындағы құқықтық білімнің дамуында маңызды, болашақ заңгерлер мен мамандарды қалыптастыру, Кәсіби дағдыларды қалыптастыруға және болашақ мамандарды құқықтық саладағы нақты сынақтарға дайындау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқық кафедрасы басты мақсаты мен жетістіктері климаттың өзгеруі, гендерлік теңдік, сапалы білім беру және т.б. сияқты заманауи өзгерістерді ескере отырып, оқу процесіне тұрақты даму мақсаттарына тоқталды. Бұл студенттерге құқықтық шешімдердің әлеуметтік әділеттілік пен қоршаған ортаға әсерін түсінуге көмектеседі. Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы өзінің дәстүрлеріне сүйене отырып, қазіргі заманғы іс-шараларына бейімделе отырып, тұрақты дамуға ұмтылады. Оның міндеті-қазіргі заманғы құқықтық саланың күрделі міндеттерін ойдағыдай шеше алатын және заң ғылымы мен практиканың дамуына өз үлесін қоса алатын жоғары білікті мамандарды қалыптастыру мәселелесі талданды.