Жансүгіров тағылымы

«Жансүгіров тағылымы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2023 жылдың 08 желтоқсанында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жансүгіров тағылымы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның ашылуында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор м.у.а., Ph.D, қауымдастырылған профессор (доцент) Таубаев Бауржан Рыспекович алғы сөзін сөйледі.

Конференция жұмысы 3 бағыт бойынша өтті:

1. І. Жансүгіров мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау.

2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар дамуының инновациялық парадигмалары.

3. Техникалық және жаратылыстану ғылымдарын дамытудың басым бағыттары.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде 5 баяндама тыңдалып, талқыланды.

  1. Кыяхметова Шара Әсетқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), ілиястанушы

Тақырыбы: «Ілиястанудың жаңа арналары»

  • Ержанова Сауле Баймурзаевна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тақырыбы: «Әдебиеттанудың сала аралық терминдер сөздігінің зерттелу мүмкіндігі»

  • Имангазинов Муратбек Мубыракханович – филология ғылымдарының докторы, профессор, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Тақырыбы: «Ілияс Жансүгіровтің Ташкентке сапары»

  • Адилбекова Лаззат Махайовна – филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Тақырыбы: «Ілиястанудың өзекті мәселелері»

  • Жауынбаева Нұргүл Қызырханқызы – І. Жансүгіров әдеби музейінің меңгерушісі

Тақырыбы: «І. Жансүгіров мұрасын насихаттау мәселелері»

Пленарлық мәжілістен кейін «Ілиястану» оқулығының тұсау кесері өтті.

Секциялық отырыстарда 15-тен астам адам баяндама жасады.

Редакцияға 50-ден астам ғылыми мақала түсті. Конференцияға қатысушылардың ғылыми мақалалары «Жансүгіров тағылымы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағында жарияланады.