ДАНИЯР ЖАНЫСПЕН КЕЗДЕСУ

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттері ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК, Өңірлік коммуникциялар қызметі бөлімінің шеф-редакторы Данияр Жаныспен кездесті. Оқытушы-дәріскер Шаянбаева Баян ұйымдастырған бұл кішігірім тренинг өте қызықты әрі пайдалы өтті. PR мамандығының студенттері әр редакцияның өзіндік саясаты туралы дәріс тыңдап, өзіне керек ақпаратты алып қайтты.

«Не айтамын деп барып, сөзімізді бітіре алмай есім шықты. Студенттердің біреуі «қатты кітап оқығым келіп кетті» десе, екіншісі теория «шести рукопожатий» өттік дейді. Айтпақшы, теория «шести рукопожатий» тәжірибесінде аудиториямен ақылдаса отырып, бір кісінің телефон нөмірін іздедік. Оны мен алты адамға жеткізбей, үшінші адамнан таптым.

Негізі, білім берілмейді, алынады ғой. Кім не алғанын өзі біледі. Аудиториядағы бір адамның өміріне өзгеріс енгізе алсақ, бұл нағыз жеңіс. Ал нәтижесін 5-10 жылда көрерміз», – деп түйіндеді спикер Данияр Жаныс сөз соңында.