МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР

2024 жылғы 29 сәуір күні ғылым айы аясында ф.-м.ғ.д., профессор Нұрғабыл Д.Н. «Математикалық сауаттылық: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында семинар өткізді. Семинар жұмысына «Математика» БББ магистранттары, докторанттары, сондай-ақ жаратылыстану жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинар барысында қатысушылар білім алушылар арасында математикалық сауаттылықты дамытудың заманауи мәселелері мен перспективаларын талқылады, математикалық білім беруді жетілдіруге және білім алушылардың ойлау дағдыларын дамытуға және математикалық білімді күнделікті өмірде қолдануға ықпал ететін нақты ұсынымдар мен стратегияларды әзірлеу үшін тәжірибе алмасты.

Семинар барысында қатысушылар білім алушылардың математикалық дайындығының қазіргі кездегі рөлін атап өтті.